1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық ұйымдардағы оң динамиканың сақталуы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. 2024 жылдың басында 537 медициналық ұйым бойынша кредиторлық берешек көлемі 82,3 млрд теңгені құрады.

«Медициналық ұйымдарды қаржылық сауықтыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрақты оң динамика байқалып отыр. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек 12%-ға төмендеп, 111,6 млрд теңгеден 98,4 млрд теңгеге дейін азайды. Атап өтерлігі, мерзімі өтіп кеткен берешек көлемі үштен бірінен де көп мөлшерге – 21 млрд теңгеден 13,4 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл көрсеткіштер Денсаулық сақтау министрлігінің дер кезінде қабылдаған шараларының, соның ішінде қаржылық тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бекітілуі мен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларын тарта отырып, берешек пен жалақы төлеміне мониторинг жүргізудің нәтижесінде мүмкін болды», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Кешенді тәсіл аясында бірқатар шаралар қабылданды. 2024 жылдың мамыр айында жыл соңына дейін кредиторлық берешектің өсу қаупі бар медициналық ұйымдарды анықтау мақсатында 30 мекеме бойынша қаржылық көрсеткіштерге талдау жүргізілді. «Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітіліп, қысқа мерзімді және жүйелі шаралар көзделді. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу мен медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегіне мониторинг жүргізу тәртібі бекітіліп, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қатысуымен іске асырылуда. Медициналық қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу мен медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегіне мониторинг жүргізу тәртібі бекітілді. Бұл жұмысқа өңірлік денсаулық сақтау басқармалары тартылған.

Аталған шаралар медициналық ұйымдардағы қаржылық қиындықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, жағдайды тұрақтандырумен қатар, елдің денсаулық сақтау жүйесінде қаржылық тәуекелдерді басқарудың орнықты тетіктерін қалыптастыруға негіз болды.
05.06.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу